Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

"Таяқпен ұрып, аяғымен тепкен": Алматыда анасын аяусыз сабаған ер адам видеоға түсіп қалды

Алматыда ер адамның егде жастағы әйелді ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

"Таяқпен ұрып, аяғымен тепкен": Алматыда анасын аяусыз сабаған ер адам видеоға түсіп қалды
Сурет: Stan.kz

Оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Видеодан алдымен екі әйел арасында жанжал шыққанын, кейін оған ер адам қосылып, зейнеткерді ұра бастағанын көруге болады. 

“Ұлы анасын өлімші етіп сабап, оған ауыр дене жарақаттарын (миы шайқалып, оң қол cүйегінің ашық сынуы) салған. Оны таяқпен ұрып, аяғымен тепкенін көруге болады. Әжей бүгінгі таңда ауруханада. Ал ер адамды 3 сағат ұстап, қылмыстық баптың болмауына байланысты босатқан. Оқиға кеше ,1.05.22 болды. Көршілерінің камераға түсірген видеосы бар”, – деп жазылған жазбада. 

Осы оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдірді. 

"1 мамырда іс бойынша тексеру басталды. Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды", - деді Әбдірахманов.

Тексеріс барысы мен нәтижелері Алматы Полиция департаменті бақылауына алынған.