Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алматы облысында картингке барған 10 жасар бала қаза тапты

Алматы облысындағы Іле ауданында картингке барған он жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kzUlysmedia.kz-ке слтеме жасап. 

Алматы облысында картингке барған 10 жасар бала қаза тапты
Сурет: ашық дереккөз

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бала көлікпен пластмасс тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған.

"Куәгерлердің айтуынша, баланың картингін артынан келе жатқан адам соққан. Кейін инерциямен тосқауылды бұзып кетті. Артындағы картингте әйел болған дейді. Оқиға орнына Іле аудандық полиция бөлімінің шұғыл тергеу тобы барды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде полицейлер тергеу шараларын бастап кетті, куәгерлерден жауап алынып жатыр.