Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Теміртауда балаларды тонаған ер азамат ұсталды

Теміртауда бірнеше оқушының киімін ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Теміртауда балаларды тонаған ер азамат ұсталды

19 сәуірде Қарағанды облысы Теміртау қаласы Шығыс полиция бөліміне егіз ұлдардың анасы хабарласқан. Ол ұлдарының сауықтыру орталығына баратынын айтты. Соңғы рет барған кезде белгісіз біреу киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, балаларының киімдері мен спорттық құрал-жабдықтарын үптеп кеткенін анықтаған. Шығын көлемі 50 мың теңге.

22 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды,

— деді полиция.

Күдіктінің тағы үш қылмысқа қатысы бары анықталды. Осы дерекке қатысты ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.