Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Нұр-Сұлтанда автокранның ілгегі тұрғын үйге терезені жарып кірді

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатына автокранның ілгегі құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда автокранның ілгегі тұрғын үйге терезені жарып кірді

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. 

"28 сәуір күні сағат 14:26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды".", - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілген. 

Видеоны осы сілтеме бойынша көре аласыздар.