Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Түркістандық жігіт ешкінің жүнін ұрлап, несиесін төлемек болды

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның қорасына белгісіз біреулер кіріп, үш қапқа салынған ешкінің қырқылған жүнін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Түркістандық жігіт ешкінің жүнін ұрлап, несиесін төлемек болды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келтірілген шығын мөлшері 75 мың теңге бағаланып отыр.

Аталған дерек ҚК-тің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Жан-жақты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция күдіктінің кім екенін анықтады. Малдардың жүнін алып сатумен айналысатын жігіт Түркістан қаласынан табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті күндізгі уақытта жәбірленушінің мал қорасында ешкім жоқтығын пайдаланып, 3 қап жүнді жымқырып кеткен. Ол несиесін төлеуге қаражат таппағандықтан ұрлыққа барғанын айтады.

Күдіктіден айғақты зат ретінде қаптағы ешкі жүндері алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,

— делінген хабарламада.