Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

15-16 жастағы Q-pop әншілер есірткі дайындап, сатқан

Алматыда музыкалық топтың мүшелері психотроптық заттар мен есірткіні дайындап, сақтағаны үшін ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Paryz.kzUlysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

15-16 жастағы Q-pop әншілер есірткі дайындап, сатқан
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Q-pop Mad Men» тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық топты құру, оған жетекшілік ету, аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындау, сақтау, өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылы қыркүйек айының басында Х. есімді азамат қылмыстық топ құрған. Оның құрамына 6 адам кірген. Барлығы заңсыз мефедрон психотроптық затының баламасын дайындап, кейіннен өткізіп жіберу үшін есірткі затын (гашишті) сақтап келген. Қылмыстық топтың жетекшісі Х. мефедрон өндіруге арналған құрамдас бөліктерді алумен айналысып, сатып алушылармен келіссөздер жүргізген.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, қылмыстық топтың басшысын 18 жылға, ал қалған қатысушыларды 17 жылдан 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот үкімімен Х. ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету, аса ірі көлемде өткізу мақсатында психотроптық заттың аналогын заңсыз дайындау, сақтау, есірткіні электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ұйымдасқан топтың құрамымен сату мақсатында сақтау қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған қатысушылардың үшеуіне 16 жыл, тағы біріне 15 жыл, 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушылардың жастары мен бұрын соттылығы жоқтығы жеңілдік түрінде танылды. Сонымен қатар, сотталушы С-ның кінәсін ішінара мойындауы жеңілдететін мән-жай деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.