Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Павлодар облысында төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады

Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні сағат 12:13-те Баянауыл ауылында орын алған. Lada көлігіндегі Баянауыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Land Cruiser көлігімен соқтығысты деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысында төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады
Сурет: Turkystan.kz

«Оқиға салдарынан Баянауыл кентінің орталық аудандық ауруханасына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 1991, 2000 және 1988 жылы туған үш қызметкері жеткізілді. Үшеуінің де жағдайы қанағаттанарлық», – дейді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Нива көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен.

Көліктер тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факті бойынша тергеу тағайындалды.