Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

22 жастағы жігіт 50-ден асқан әйел мұғалімді ұрып-соғып, зорламақ болған

Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

22 жастағы жігіт 50-ден асқан әйел мұғалімді ұрып-соғып, зорламақ болған
Сурет: Stan.kz

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген.

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары, 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жіберілді. Соңғы бап бойынша жас жігіт кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші ол қылмыскерге әрең қарсы тұрғанын айтады.

Сот процесі жалғасуда.