Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан. Бұл туралы «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы барысында айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz, ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан
Сурет: Ktk.kz

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 24-інде Атбасар аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтарды тапты.

Оның ішінде 2 дана жұмыс істеп тұрған айтмайнер арнайы жабдығы, сондай-ақ, айтмайнерге қажетті 9 дана жабдық және өзге де қосалқы техникалар бар. 

«Табылған жабдықтардың иесі бағдарламашы – 29 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адамның үйінде криптовалюта жасап келе жатқандығына 3 ай болған. Қазіргі кезде, осыған байланысты іс материалдары мемлекеттік кірістер басқармасына әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды», - деді ведомстводан. 

Айта кетсек, қызметтің осы түрі (майнинг) бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында төлемақы (цифрлық майнинг үшін төлемақы) алынады.