Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

"Миы ісіген": Шымкентте 11 жастағы баланы автобус қағып кетті

Оқиға 23 сәуір күні сағат 13:00 шамасында болды. Жеткіншек жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"Миы ісіген": Шымкентте 11 жастағы баланы автобус қағып кетті
Сурет: ашық дереккөз

Балаға желке сүйегінің жабық сынуы, бассүйек ішілік гематома деген диагноз қойылып, ауруханаға жатқызылды.

Баланың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Алған жарақат салдарынан ми ісініп, науқастың есі бұзылған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр,

— деп мәлімдеді Шымкенттегі денсаулық басқармасы.

Автобус жүргізушісі ҚК-тің 345-бабы, 2-бөлімі (Көлiк құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiру) бойынша айыпталды. Қазіргі уақытта осыған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.