Алматы қаласында "Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған" сотталушыға алғаш рет электронды бақылау құралы орнатылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Abai.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыскер ҚАЖД Наурызбай ауданы пробация қызмет бөлімінің есебінде тұрады.
Бұл туралы Алматы қаласы Қылмыстық атқару Департаменті, Наурызбай ауданы бойынша пробация қызметінің бөлім бастығы әділет майоры А. Накыпбеков хабарлады.
Ол "ҚР ІІМ 15.08.2014 жылғы № 511 бұйрығының 139 - тармағына сәйкес тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және бас бостандығын шектеу немесе шартты түрде сотталғандардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы" екенін айтты.