Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жамбыл облысының тұрғыны 161 келіден астам есірткіні үйдің шатырында ұстаған

Осы жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының тұрғыны 161 келіден астам есірткіні үйдің шатырында ұстаған
Сурет: ашық дереккөз

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің шатырынан жалпы салмағы 161 келіден астам "кептірілген марихуана" есірткі заты бар 8 қап табылып тәркіленді. Осылайша, есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Тергеу амалдары аясында осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.