Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанай облысында тергеушіні көлік қағып өлтірді

Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ, осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

Қостанай облысында тергеушіні көлік қағып өлтірді
фото: inform.kz

Қостанай облысының Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz.

"33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Светлана Исаева ауруханада көз жұмды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ, осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды. Жалпы, Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет атқарған.