Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Базар маңынан жаңа туған нәрестенің пакет ішіне салынған өлі денесі табылды

Қостанайда 37 жастағы ер адам пакеттен жаңа туған баланың денесін тапты. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Базар маңынан жаңа туған нәрестенің пакет ішіне салынған өлі денесі табылды
Сурет: ашық дереккөз

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам 18 сәуірде сағат 17.00-де Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысындағы "Бүркіт" базарының аумағымен кетіп бара жатып, пакетке салынған баланы тауып алған. 

"37 жастағы ер адам өмір белгілері жоқ пакет ішіне салынған жаңа туған нәресте тауып алды. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жаңа туған қыз баланың денесін тапты", - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 100-бабы " Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тергеу жүріп жатыр, сараптама белгіленді.

Полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан құқық қорғаушыларға хабар беруді сұрады.

Айта кетсек, 9 сәуірде Қарағанды полициясына 26 жастағы тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазарту кезінде баланың мәйіті салынған пакет тапқанын айтқан болатын.