Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

"Стандартты әрекет етті": Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды

Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын Әуезов ауданының полицейлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен жүргізді, деп Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Стандартты әрекет етті": Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды
Сурет: Nur.kz

Полицияның хабарлауынша, ұрлықпен айналысқан төрт ер адам ұсталған. Олар қаланың түкпір-түкпірінде бөтен адамдардың пәтеріне кіріп, бағалы заттарды ұрлаған.

"Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың үш ұрлық эпизодына қатысы бар екендігі анықталды. Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үй иелерінің бар-жоғын тексергеннен кейін олар терезені ашып, тұрғын үйге кірген. Олар алып кетуге болатынның бәрін алып шыққан: алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Қазіргі таңда "қылмыстық төрттік" мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Белгілі болғандай, күдіктілер 30, 29 және 28 жаста. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда.