Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Павлодар облысында өлген адамның қаңқасын бір жылдан кейін тапқан

Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны бір жыл бұрын жоғалып кеткен. Алайда анасы ұлының із-түссіз жоғалып кеткені жайлы полицияға хабар бермеген, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Павлодар облысында өлген адамның қаңқасын бір жылдан кейін тапқан
Сурет: Exk.kz

Облыстың жедел-құтқару жасағы кезекті іздестіру жұмыстары кезінде бір жыл өлген адамның қаңқасын тапқан. Мәйіт қаладан бес шақырым жерде темір жол бойында ағашқа асылған күйінде табылды. Қаңқаның жанында сөмке мен ұялы телефон болған.

"Өз-өзіне қол салған ер адамның қаңқасы табылды. Ол Екібастұз қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Анасының айтуынша, ол 2021 жылдың мамыр айында жоғалып кеткен", — деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.