Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

"80 жастағы жүргізуші себепкер": Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты

17 сәуір күні сағат 12:00 шамасында Қапшағай-Бақанас тас жолының 35-ші шақырымында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"80 жастағы жүргізуші себепкер": Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты
Сурет: Turkystan.kz

 «Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына 80 жастағы Volkswagen Golf жүргізушісі себепкер болған. Ол басып озу кезінде қарсы келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.  Артынша сол бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta көлігін соққан», – деп хабарлады Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі.

Жол  апаты салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345.3-бабында көзделген тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Экспертизалар тағайындалды.