Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Павлодарда күйеуі бар әйелді ренжіткен жігіт айыппұл арқалады

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жапон тағамдарын дайындайтын мейрамханада жұмыс істейтін оператор қыз кешке үйіне оралған соң күйеуіне суши әзірлеуші әріптесін айтып шағымданған, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодарда күйеуі бар әйелді ренжіткен жігіт айыппұл арқалады
Сурет: ашық дереккөз

Ол бірнеше апта бойы келіншекті бүкіл команданың көзінше кемсіте сөйлеп, соңғы күні тіпті шектен шығып, ұятсыз сөздер айтып, қыздың жеке басын қорлаған екен.

"Күйеуі әйеліне әлімжеттік көрсеткен жігітке қоңырау шалып кездесуге келіседі. Кездесу ол жігіттің үйінің жанында өтті. Бірақ диалог ойдағыдай болмай, ер адамдар арасында төбелес басталып кетті. Өзара шабуылдан кейін жанжалдың екі қатысушысы полицияға арыз берді. Осыған байланысты, полицейлер жанжалшыларды сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберді. Нәтижесінде екеуінің де жеңіл дене жарақатын алғанын көрсетті", – деді ведомстводан.

Сот келіншектің жұбайын ӘҚБтК 73-1-бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл тағайындаған. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бап бойынша және ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әріптесін қорлағаны үшін сот шешімімен суши дайындаушыға да айыппұл салынған.