Павлодар облысы Успен ауданының полиция қызметкерлері көшелерді аралау барысында мас күйінде автобус жүргізген азаматты жұмыс кезінде ұстаған деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер көлікті тексеру үшін автобусты тоқтатқан кезде оның жүргізушісінің мас екенін анықтаған.
«Жүргізуші мас күйінде ұйым қызметкерлерін көрші ауылға жеткізіп тастаған. Полиция қызметкерлері оны медициналық тексеруге жіберді. Сараптама қорытындысы ер адамның алкогольдік ішімдік ішкенін растады. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ ӘҚБтК 619-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жұмыс берушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді Успен аудандық полиция бөлімінің басшысы Берік Оралов.
Айта кететін жайт, жыл басынан бері облыс жолдарында көлікті мас күйінде басқарған 310 жүргізуші анықталып, олардың барлығы бірдей жауапкершілікке тартылған болатын.