Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада жүргізуші полицейді көлік шанағымен сүйреген (ВИДЕО)

Қызылорда облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған факт бойынша қызметтік тергеу бастады.

Қызылордада жүргізуші полицейді көлік шанағымен сүйреген (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Қызылордалық жүргізуші полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, оны өз көлігімен сүйреген, деп хабарлады Polisia.kz.

Кеше WhatsApp желісінде ақ түсті Lada Granta маркалы автокөлік жүргізушісінің полиция қызметкерін көлігімен шамамен 5-8 метрдей жерге сүйрегені туралы бейнежазба тарады. Деректі тексеру барысында 3 қарашада сағат 15:45-те Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторының 1984 жылы туған аудан тұрғыны айдап жүрген Lada Granta маркалы автокөлігін жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқаны анықталды. Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысып, полиция қызметкерін көлігінің шаңағына "салып алып", 5-8 метрдей жерге сүйреген.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 601-бабының 1-бөлігі бойынша жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларда көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін хаттама толтырылды. Сондай-ақ, аталған факт бойынша көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігімен ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жүргізуші  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған факт бойынша қызметтік тергеу бастады.