Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Танысына пышақ салып, айғақты көлге лақтырған күдікті ұсталды

Алматы облысының тұрғыны мас күйінде танысына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Танысына пышақ салып, айғақты көлге лақтырған күдікті ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

7 наурызда Ескелді аудандық орталық ауруханасына пышақ жарақатымен Қарабұлақ ауылының 39 жастағы тұрғыны түскен. Ер адам полицияға мас күйінде құлап қалып, байқаусызда өзін пышақтап алғанын жеткізген.

Алайда тексеру кезінде жәбірленушінің айтқаны шындыққа жанаспайтыны анықталған. Оның 33 жастағы танысымен сөзге келіп қалғаны, төбелестің соңы пышақ жарақатымен аяқталғаны белгілі болды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Ұсталған адам танысына пышақ жарақатын салғанын мойындады. Белгілі болғандай, біреуі ішімдік ішуді ұсынған, екіншісі бас тартқан. Сөзге келудің соңы үлкен жанжалмен аяқталған", - деп хабарлады Ескелді ауданының полиция басқармасы.

Куәгерлер ер адамдар арасында текетірестің болғанын растап отыр. Сонымен қатар, күдікті пышақты көлге лақтырып жіберген. Алайда сүңгуірлер су астынан айғақ затты тапты. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.