Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданған. Олар алаяқтың арбауына сеніп, қомақты қаражаттарынан айырылған деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz.-ке сілтеме жасап.
Әйелдер өз арыздарында мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз үй алып беруге уәде берген бейтаныс әйелге алданып қалғанын айтқан. Осылайша, күдікті алаяқтық жолмен біреуінен 5, ал екіншісінен 1 миллион теңге алған. Бірақ кейін телефонын өшіріп, байланысты үзген.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Қаратау аудандық ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.
Тергеу барысында оның бұған дейін де алаяқтық бойынша істі болғаны анықталды.