Жануарлардың фигураларының тас-талқанын шығарған.
Қарағанды полициясы саябақта орналасқан мүсіндерді қиратып кеткен бұзақыларды іздестіріп жатыр деп хабарлады zakon.kz.
"Өткен түнде Қарағандыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылар сұлулық үшін орнатылған фигураларды сындырып кетті. Саламатты өмір салтын бейнелейтін велосипедші бейнесінің басын жұлып алған. Жануарлардың фигураларының тас-талқанын шығарған. Ал тас төсемдер бұзылған, кесектері көлге тасталған. Әдемілікті құртудың қажеті не? Бұл көңілді ме? Бұзақылар, егер сендер оқып отырсаңдар, өмірлерің жайлы ойланыңдар", - деп жазылған patriotkaragandy видеосының астында.
Өңір полициясы аталған факті бойынша оқиға тіркелгенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкері кінәлілерді анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатыр",- делінген хабарламада.