Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны оқушыны ұрғаны үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Соққыға жығылған 11 жасар бала ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Жасөспірімнің ұрып-соғып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан ересек адамның баланы ұрып-соғып, оны тепкілеп жатқанын көруге болады.
Жарияланым авторы оқиға Есік қаласына қатысты 3-шағын ауданында орын алғанын түсіндіреді. Алматы облыстық полиция департаменті видеоның 22 ақпан күні түсірілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта күдікті анықталды. Ал ауыр жарақат алған 11 жасар оқушы аудандық ауруханада ем қабылдауын жалғастырып жатыр.
"Бейнебаян күдіктіні анықтап, ұстауға көмектесті. Күдікті ретінде Есік қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Ол кәмелеттік жасқа толмаған балаға дене жарақатын тигізгенін мойындады. Мектептен қайтып келе жатқан бір топ ұл бір жасар қызға қар лақтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, жасөспірімдер өзара сөзге келісіп қалған. Қыз бала әкесіне шағымданған. Әкесі болса мектеп оқушыларының бірін қуып, соққыға жығады. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Соққы алған оқушыға бас-ми шайқалуы диагнозы қойылды.
Соңғы шешім зардап шеккен бала сауығып, ауруханадан шыққаннан кейін сараптама нәтижелері бойынша қабылданады.