Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

48 жастағы ер адам «қайырымдылық » ақшасын ұрлады

Елордада ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

48 жастағы ер адам «қайырымдылық » ақшасын ұрлады
Сурет: ашық дереккөз

Күндіз күдікті Ш.Айтматов көшесіндегі минимаркетке кіріп, қайырымдылыққа арналған жәшікке көзі түскен. Оны ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, ақша салынған қорапты алып шығып кеткен, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 48 жастағы ер адамды ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.