Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

69 жастағы әйел досын кеудесіне пышақ сұғып, өлтірген

 Ақмола облысында 69 жастағы әжей танысын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

69 жастағы әйел досын кеудесіне пышақ сұғып, өлтірген
Сурет: ашық дереккөз

19 ақпан күні Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Тәртіп сақшыларына ауылдық округ әкімінің хабарласқаны белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктінің жеке басы анықталған. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Әжей танысын өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

"18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген. Ішімдік ішкен соң, араларында жанжал болып, егде жастағы әйел серігінің кеудесіне пышақ сұққан. Сараптама тағайындалды", - деді басылым. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.