Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қаңтар оқиғасы: полицейлер ұрып-соққан адамдар қайтыс болды

Бұл жайында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арнайы прокурорлық қызмет басқармасының басшысы Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz,Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаңтар оқиғасы: полицейлер ұрып-соққан адамдар қайтыс болды
Сурет: Turkystan.kz

«Күні кеше ғана жауап алудың рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұған дейін оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген. Мұндай істердің барлығы бізге тапсырылған жоқ. Бізге тек ауыр зардаптар, дәлірек айтсақ, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар ғана ұсынылды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, рұқсат етілмеген әдістерді қолдану арқылы жауап алу салдарынан Алматыдағы уақытша ұстау абақтысында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қаза тапқан», – деді Ризабек Ожаров.

Сондай-ақ ол әлі де тергеу изоляторында қамауда отырған Талдықорғанның тағы бір тұрғынын үтікпен азаптау ісін тергеп жатқандарын айтты.

 «Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай сипатқа ие емес», – деді ол.