Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

41 жастағы ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде марихуана сатқан

Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

41 жастағы ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде марихуана сатқан
Сурет: Polisia.kz

Қаңтар айының соңында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-дүкен арқылы байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысады деген күдікпен Глубокое ауданы Опытное поле ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар полимерлі пакеттер табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – салмағы 159,43 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екенін көрсетті.

Полицейлер 41 жастағы ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде интернет-дүкенін ашып, ол арқылы есірткі заттарын Өскемен қаласында сатқанын анықтады.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігіне (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деді ШҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы Нариман Кульдиков.