Махамбет ауданында Бейбарыс ауылының 63 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті мен полицейлер оны 29 қаңтардан бері іздеп жүрген. Ол сол күні кешке үйден шығып кетіп, кейін оралмаған.
«Іздеу барысында полицияның кинологиялық қызметінің үйретілген иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денеден бөлініп қалған» деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.