Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістандық кәсіпкер 97 млн теңге тұратын контрабандалық өніммен ұсталды

Түркістан облысында ЖШС-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-ші бөлігімен қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістандық кәсіпкер 97 млн теңге тұратын контрабандалық өніммен ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

5 ақпанда Сарыағаш ауданындағы «Капланбек» кеден бекетінде 9 жүк-автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында Қазақстаннан Ауғаныстанға отандық өнім-өсімдік майларын алып өтпекші болған.

Контрабандалық тауардың жалпы құны - 97 млн тенгеден астам.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Экономикалық контрабанда туралы бапта (Қылмыстық кодекстің 234-бабы) кәнілінің мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолданылатыны жазылған.