Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Бақауовтың Lexus-ы болды ма?» - Құзырлы орган жол апатына қатысты пікір білдірді

Болат Бақауовтың қатысы бар делінген жол-көлік оқиғасы туралы құзырлы орган пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бақауовтың Lexus-ы болды ма?» - Құзырлы орган жол апатына қатысты пікір білдірді
Сурет: Nur.kz

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті аймақтың экс-әкімінің қатысуымен орын алды делінген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Департаменттің берген анықтамасына сәйкес бас бостандығынан 3,5 жылға шектелген Болат Бақауов пробация қызметіне өзінің қаладан шығатыны туралы жазбаша түрде хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, бас бостандығын шектеу бойынша сотталғандарға арналған нормалар барлығына бірдей. Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша жазасын өтеушілер алкоголь ішетін ойын-сауық орындарына (бар, кафе, мейрамханалар) баруға құқығы жоқ.

Пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жерін, жұмыс және оқу орнын ауыстыруға тыйым салынады.

Сотталған азамат 2020 жылғы 27 мамырдағы сот үкімі бойынша Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Ол 2022 жылғы 14 ақпанда пробация қызметіне жазбаша хабарланғаннан кейін барып қаладан шыққан. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, департамент сотталғандар елдімекеннен кетуге мәжбүр екендігін тек қана хабарлайтынын, пробация қызметінің оларға тыйым салуға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Еске салсақ, Павлодар облысындағы тас жолда екі Lexus пен "ГАЗель" көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар тарап, жол талғамайтын көліктердің бірінде Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов болғаны хабарланған.