Ер адам тура қасында тұрған жерасты жолымен өтпей, рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған.
Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, деп хабарлады paryz.kz.
Қайғылы оқиға 29 қазан күні таңғы 8:00 шамасында болған.
"Митцубиши Делика" көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстікке бара жатып, Төле би көшесінен солтүстікке қарай бағыти алғанда 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апатынан ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Полиция департаментінің басқарма басшысы Олжас Шәріпов.
Айта кету керек, ер адам тура қасында тұрған жерасты жолымен өтпей, рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған.