Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкент тұрғыны танысының 460 мың теңгесін алдап иеленген

Шымкенттік полицейлер Латвияға жұмысқа жіберемін деп қала тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған күдіктіні ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент тұрғыны танысының 460 мың теңгесін алдап иеленген
Сурет: gazeta.ru

 Шымкентте танысын алдап, ақшасын иемденген күдікті ұсталды 

7 ақпанда Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің танысы өткен жылдың жазында үш ай көлемінде Латвия мемлекетіне жұмысқа жіберемін деп әбден сеніміне кіргенін жазған.

Сондай-ақ, шетелге шығуға арналған құжаттарды әзірлеу мақсатында 460 мың теңгесін алдын ала иемденіп алғанын, алайда күні бүгінге дейін әлгі танысы не уәде етілген жұмысты, не ақшасын қайтармай жүргенін мәлім еткен. Әл-Фараби АПБ-ның тәжірбиелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды алдап, ақшасын иемденіп кеткен азаматшаны қолға түсіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде.