Өртті сөндіруге 19 маман мен 4 техника жұмылдырылған.
Елордада 2 қабатты коттедж отқа оранды, деп хабарлады paryz.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының Темірқазық көшесі бойындағы 2 қабатты коттедж бен оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс нысанының өртеніп жатқаны туралы ақпарат «101» пультіне сағат 11-40-та түскен.
"Сағат 11-47-де оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникасы жетті. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге 19 маман мен 4 техника жұмылдырылған", - деді Талғат Уәли.