Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті, деп ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып, Paryz.kz хабарлайды.
Мақат ауданында екі көлік соқтығысып, оның біреуі аударылып қалды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Жол-көлік оқиғасы бүгін 5 ақпан күні сағат 12:00 шамасында «Астрахань-Атырау-Ақтөбе» халықаралық тас жолының бойында болған. Аталған жолдың Мақат кентіне бұрылар тұсында «Toyota Camry» мен «ГАЗель» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ГАЗель» көлігі аударылып қалды. Бес жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі Полиция қызметкерлері көлік апатына байланысты тергеу жүргізуді бастады.