Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Bek Air жолаушылардың ақшасын толық қайтаратын болды

Компания 535 адамға жалпы сомасы 33,8 миллион теңге қарыз.

Bek Air жолаушылардың ақшасын толық қайтаратын болды
Фото: today.kz

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Bek Air әуе компаниясының тоқтатылған рейстерге билеттердің құнын толық көлемде қайтаруы жөніндегі талап арызын қанағаттандырды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Комитет 535 адамның мүддесін қорғайды, жалпы сома - 33,8 миллион теңге. Прокуратура ведомствоның авиакомпанияға қойған талап-арызын қолдаған. Сонай-ақ, Bek Air-ден тұтынушылардың пайдасына әуебилеттер үшін төленген қаражат өндіріліп алынады. 

Айта кетейік, бұл - комитеттің әуекомпанияға қатысты жазған үшінші арызы. Бұған дейін 15 және 26 қазанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Bek Air-дің апелляциялық шағымдарын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырған болатын.

Осылайша, Комитеттің Bek Air-ге қатысты бірінші және екінші талаптары бойынша сот шешімдері күшіне енді. Әуекомпаниясының клиенттерінен келіп түсетін күнделікті шағымдарға байланысты ведомство сотқа төртінші арыз беруге ниетті.