Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мас жүргізушінің көлігі елорда көшелерінде аударылды

Нұр-Сұлтанда көлікті мас күйінде айдаған жүргізуші жол белгісіне соғылған, деп хабарлайды Paryz.kz., елорда полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мас жүргізушінің көлігі елорда көшелерінде аударылды
Сурет: Instagram/police_nur_sultan

Жол-көлік оқиғасы 28 қаңтар күні сағат 05:22-де орын алған. "Honda" маркалы автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай жүріп келе жатып, жол белгісіне соғылған. Соққыдан көлік аударылып қалған. Куәландыру нәтижесі бойынша, ер адам автокөлікті орташа ауырлықтағы мас күйінде басқарған. Дене жарақатын алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қауіпті екенін ескертеді. 


Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз және өз туған туыстарыңыздың мас күйінде көлік жүргізуіне жол бермеңіз. Сондай-ақ, осындай жол ережелерін бұзушыларды білген жағдайда 102 телефонына немесе ұялы қосымшаның көмегімен полицияға хабарлауға болады, - делінген хабарламада.