Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағанды облысында өртенген үйден 78 жастағы қарияның мүрдесі табылды

Қазір адам өлімінің себебі анықталып жатыр.

Қарағанды облысында өртенген үйден 78 жастағы қарияның мүрдесі табылды
Фото: Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында бүгін түнде 3 елді мекенде тұрғын үйлерді от шарпыды. Өрт салдарынан екі адам зардап шекіп, біреуі қаза тапты, 19 адам эвакуацияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Нақты айтқанда, Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылытатын пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан (түтін мұржасы тазаланбаған) 1983 жылы туған ер адам улы газдан уланған. Ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір өрт 28 қазанға қараған түні болды. Сағат 02:38-де Жезқазған қаласының Есенберлин көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тоңазытқыштың жанғыш бөліктері өртеніп кетті. Қарағанды облысы ТЖД күшімен пәтерлерден баспалдақ маршы бойынша 19 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. Өрт 03:01-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

"Сол түні сағат 05:24-те Саран қаласындағы Некрасов көшесі бойында бір қабатты жеке тұрғын үйде үй заттары мен жиһаздар, сондай-ақ, сенектің ағаш конструкциялары жанған. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. 78 жастағы үй иесі қайтыс болды. Өрт 06:34-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен адам өлімінің себебі анықталуда", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Осы ретте құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Пешпен жылытуды ретке келтірумен қатар, оны пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтау керек. Үнемі мұржаларды жиналған күйеден тазалаңыз. Пештер мен электр сымдарын жөндеуді тек мамандарға тапсырыңыз!

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер желіні шамадан тыс жүктемеуге, оның ішінде көптеген электр құралдарын ұзақ уақыт қалдырмауға кеңес береді. Себебі, бұл электр сымдарының жүктемесіне әкеледі.