Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордалық газ балонын жарып жібермек болды

Қауіпсіздік мақсатында көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Елордалық газ балонын жарып жібермек болды
Фото: kaduy.all-rf.com

Нұр-Сұлтанда оқыс оқиға орын алды. Ер адам "газ баллонын жарып жіберемін" деп, айналысындағыларға қоқан-лоққы жасады, деп хабарлады paryz.kz.

Елордалық ПД-нің хабарлауынша, 102 нөміріне шұғыл қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғынды, оның ішінде балаларды эвакуациялады.

28 жастағы ер адам ұсталды. Оның бұл оқыс әрекетіне отбасылық жанжал себеп болған көрінеді.