Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодарда жеңіл көлік көшеде екі адамды қағып кетті

Жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмып, екіншісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Павлодарда жеңіл көлік көшеде екі адамды қағып кетті
Фото: q-stat.ru

Павлодарда жеңіл көлік көшеде екі адамды қағып кетті.

"27 қазан күні кешкісін сағат 18:26 шамасында Павлодар қаласының Катаев және Гагарин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабар келді. "Тойота Камри" көлігінің 51 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі адамды қаққан", – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатынан жаяу әйел оқиға орнында көз жұмды, ал ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Жүргізуші сау, ішімдік ішпеген. Көлік апатының себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – деді ведомстводан.