Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қостанайлық ер адам қарағандылық тұрғынның есепшотынан 3,5 млн теңгені жымқырған

Жәбірленуші сауықтыру орталықтарының бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды.

Қостанайлық ер адам қарағандылық тұрғынның есепшотынан 3,5 млн теңгені жымқырған
фото: дерекөз

Қарағанды облысында қостанайлық ер адам тұрғынның есепшотынан 3,5 млн теңге жымқырып кетті деп хабарлайды Paryz.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы ауылдың полиция бөліміне ауданның 74 жастағы тұрғыны хабарласқан.

Белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып, интернет қосымшаларының бірі арқылы оның есепшотынан 3,5 млн теңге ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Жәбірленуші сауықтыру орталықтарының бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Онда құрылыс бригадасының құрамында жөндеу жұмыстарына қатысқан ұры, жәбірленушінің кабинетіне кіріп, жұмыс үстелінде қалған ұялы телефонды пайдаланған.

Күдікті қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.