Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

ШҚО-да қорадан өрт шығып, 1 адам көз жұмды

ШҚО-да қорадан өрт шығып, 1 адам көз жұмды
Фото: kazinform.kz

Шығыс Қазақстан облысында темекі шегу кезіндегі абайсыздық салдарынан қора өртеніп, 1 адам мерт болды, деп хабарлады paryz.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қазан күні сағат 16.44-те Ұлан ауданы Пролетарка ауылындағы Южная көшесінде орналасқан жер үйдің қорасында өрт шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 14 шаршы метрді құраған жалынды ауыздықтады.

"Өрт сөндірушілер қораның ішінен иіс тию белгілері бар 1957 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. Тілсіз жаудың шығу себебі – темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан болуы мүмкін", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД адам өліміне көбінесе өрт емес, иіс тию себеп болатындығын мәлімдеді. Сөнбеген темекі тұқылының температурасы +300-420 С құрайды. Осындайда от 4-8 минут ішінде тұтануы ықтимал.