Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтөбе облысында екі мұғалім төбелесіп, біреуі көз жұмды

Төбелес дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінің ауласында түскі мезгілде болған.

Ақтөбе облысында екі мұғалім төбелесіп, біреуі көз жұмды
Фото: media.az

Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында екі мұғалім төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz

Төбелес болған ауданда қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық білім басқармасы осы жағдайға қатысты түсінік берді.

"Темір аудандық білім бөлімінің хабарламасы негізінде Ж.Кереев атындағы мектептің дене шынықтыру және тарих пәні мұғалімдерінің төбелескені анықталды. Төбелес дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінің ауласында түскі мезгілде болған. Салдарынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Елтезеров қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде",- деді облыстық білім басқармасы басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, 22 қазанда Темір аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз үйінің ауласынан ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Екеуі де жоғары білімді. Күдіктінің жасы 43-те.

"Жедел-тергеу тобы қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша күдікті анықталып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.