Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған күдікті кінәсін мойындап отыр.
Ер адам Қарағандыда болған жанжал кезінде қызылордалық азаматты пышақтап кетті, деп хабарлады paryz.kz.
Оқиға 22 қазан күні сағат 15.00 шамасында болған.
"31 жастағы қызылордалық пышақталып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 36 жастағы Шет ауданының тұрғынын ұстады. Ол жанжал барысында жәбірленушіні жаралағанын мойындады", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы, 2-бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.