Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Көкшетауда саяжай өртеніп, ер адам қаза тапты

Өрт басталғанда үйде болған тағы бір адам сыртқа шығып үлгерген. 

Көкшетауда саяжай өртеніп, ер адам қаза тапты
фото: дереккөз

Бүгін Көкшетауда «Алмаз» саяжай кооперативтеріндегі үйлердің бірінен өрт шығып, ер адам қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kzaikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Өртті сөндіру кезінде 1974 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт басталғанда үйде болған тағы бір адам сыртқа шығып үлгерген. Аяқ және қолының ұштары күйік шалған оны дәрігерлер ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Төтенше жағдай қызметкерлері үйдің ас бөлмесінен тұрмыстық газ баллонын алып шыққан. Ал шатырда тұрған екінші газ баллоны өрт кезінде жарылып кеткен. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 16 өрт сөндіруші сарбаз және 4 техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілерге жанып жатқан үйге жеткенде от үйді түгелдей шарпығаны анықталды. Өрт сөндірушілерге шақыру тым кеш жетті. Газ түтінінен құтқару қызметімен бір газ балоны шығарылған. Сонымен бірге өрт ошағынан 47 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – дейді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.