Ведомство қызметкерлері видео авторына қарсы ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын алға тартты.
Әлеуметтік желіде полицейлер оны күштеп әскерге жібермек болып, күртешесін жыртып тастағанын айтқан видео тарап жатыр. Бұл жағдайға Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz.
Видеода полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі ер адам бейнеленген. Жазба авторы Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде видео кейіпкерлері оған жақындап, құжаттарын көрсетуін сұрағанын, кейін оны күштеп әскерге алып кетпек болғанын алға тартты.
Сонымен бірге олар оған күш қолданып, дөрекі түрде сауда орталығынан алып шығып, күртешесін жыртқан. Жігіт не болып жатқанын видеоға түсіріп, прокуратурамен қорқытқаннан кейін оны тастап кеткенін айтты. Видео авторы жігіттің отбасылық себептермен әскери қызметтен кейінге қалдырылғанын мәлімдейді.
Бейнежазбаға Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қызметкерлері видео авторына қарсы ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын алға тартты.
2021 жылдың 22 қарашасынан бастап Қазыбек би аудандық қорғаныс бөлімінің әскери қызметкерлері халық көп шоғырланған жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Оның барысында бұл шақырылушының жолы кесілді. Олар бұл әрекетті орындауға тырысты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Бірақ ол агрессия танытып, полиция қызметкерлерін арандата бастады. Ешкім оның күртешесін жыртпады. Оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалған жоқ, - деді ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ министрлік биыл қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 1994-2003 жылдары туған азаматтарды ҚР Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталғанын қосты.