Тәртіп сақшылары төбелеске қатысы бар 20 адамды ұстады.
Оралда жаппай төбелес кезінде оқ атылды. Оқиға 20 қыркүйекте түнде Шолохов көшесінде болған, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Салдарынан 24 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Тәртіп сақшылары төбелеске қатысы бар 20 адамды ұстады. Біреуі іздестірілуде. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады.