Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырау облысында жеті баланың анасын пышақтап тастаған күдікті ұсталды

Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

Атырау облысында жеті баланың анасын пышақтап тастаған күдікті ұсталды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Жылыой ауданында ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған деп хабарлайды Paryz.kz

Қанды оқиға 26 қарашада түнгі уақытта болған. 25 жастағы ер адам жанжал кезінде әйелге бірнеше жерден пышақ салған. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

Аталған дерек бойынша 25 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны анықталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.