Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Қазавиақұтқару" тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда қонды

Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. 

"Қазавиақұтқару" тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда қонды

Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көтерілген "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы елордадан 100 шақырым жерде апатты жағдайда қонды деп хабарлайды Paryz.kz, "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша "Нұр-Сұлтан – Екібастұз" бағытында шыққан. Алайда Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км), - деді АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды.

Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж бен дәрігерлер резервтік әуекемесімен шығарылды, - деп түсіндірді "Қазавиақұтқару" АҚ.