Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-да зейнеткер төбеден құлаған ағаштың астында бірнеше күн қалып қойған

Зейнеткер қазір ауруханада ем алып жатыр. 

ШҚО-да зейнеткер төбеден құлаған ағаштың астында бірнеше күн қалып қойған
фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысында 71 жастағы зейнеткер бірнеше күн бойы үй төбесінен құлаған ағаш қирандыларының астында қалған деп хабарлайды Paryz.kz.

23 қарашада құтқару бөліміне ер адамның бірнеше күн бойы үйден шықпағаны туралы хабарлама келген.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 71 жастағы жалғыз тұратын зейнеткер үй бөлмесі төбесінің қирауы салдарынан ағаш сынықтарының астында бірнеше күн жатып қалған.

Құтарушылар зардап шегушіні үйден зембілге салып шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Зейнеткер қазір ауруханада ем алып жатыр.